BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.03 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Тарифтер барлық өңірде төмендейді – Сүлейменов

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап барлық өңірде тарифтер төмендейтінін мәлімдеді.

Үкімет отырысында Тимур Сүлейменов жаңа жылдаң соң коммуналдық тарифтердің төмендейтінін жеткізді.

«ПИК, қоқыс шығару, лифт қызметтеріне тарифтерді төмендетуге қатысты тапсырмаңызды орындау үшін бүгінгі таңда осы қызметтер бойынша тарифтер барлық өңірлерде төмендетілді. Бағалар мынадай көрініс табады: ПИК қызметтеріне 2,2%-тен 20%-ке дейін, қоқыс шығару қызметтеріне 1-24,7%-ке дейін, лифт қызметтеріне 3-50%-ке дейін төмендейді. Тапсырмаларыңыз орындалды», - деді ол Үкімет басшысына.

Сонымен қатар Сүлейменов министрлік «Қазтрансгаз» АҚ-мен бірлесіп, қосымша талдау негізінде Атырау және Қызылорда халқы үшін газға бөлшек сауда бағаларын төмендету бойынша уағдаластыққа қол жеткізгенін хабарлады.

Осыдан соң премьер-министр Сүлейменовке «Барлық облыстарда тарифтер төмендеді ме?» деп сұрады.

«Барлық аймақта төмендеттік», - деді Ұлттық экономика министрі.

Осы орайда Сағынтаев 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап жауапты органдардың бәріне тарифтердің мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

«Осы бағытта жұмысты ары қарай жалғастырамыз. Тимур Мұратұлы (Ұлттық экономика министрі - автор),келесі жылы, Ұлттық банкпен бірге алдағы жылғы инфляцияның дәлізін қараған кезде табиғи монополиялардың субъектілерінің үлес салмағын анықтауымыз қажет», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін Үкімет басшысының облыс әкімдерінің жұмысын сынға алғанын, әрі әкімдердің өңірлерде еңбек өнімділігін арттыра алмай отырғанын жазғанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер