Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында 2018 жылдың сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында 2018 жылдың сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ол ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша бюджеттің негізгі көрсеткіштері елеулі жақсарғанын айтты.
«Мемлекеттік бюджетке трансферттерді есепке алмағанда 5 трлн. 252 млрд.теңге кіріс түсті. Бұл сома 2015 жылдың жалпы жылдық көлемінен 74 млрд.теңге артық. Бюджеттердің барлық деңгейінде кірістер бойынша ағымдағы жоспарлар артығымен орындалды: мемлекеттік бюджет – 104,7%, республикалық бюджет –103,7% және жергілікті бюджет – 107%. Нақтыланған жоспардың жылдың аяғына дейін толық орындалуына ешқандай кедергілер жоқ. Шығыстар есепті кезеңде 7 трлн.439 млрд.теңге сомаға атқарылды. Олардың ішінде 55%-ті әлеуметтік салаға жіберілді. Шығыстар бойынша игеру деңгейі айтарлықтай жоғары: мемлекеттік бюджет – 97,9%, республикалық бюджет –98,6% және жергілікті бюджет –97,8%», - деді Сұлтанов.
Министр әрбір көрсеткішке жеке-жеке тоқталды.
Оның айтуынша мемлекеттік бюджет кірістері өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 116,4%-ке өскен. Кірістердің өсуіне экономиканың барлық салаларында макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсаруы, оның ішінде мұнай мен металл бағасының өсуі себеп болған. Сондай-ақ, салықтық-кедендік әкімшілендіру рәсімдерінің жақсаруының тиімділігі де өсіп келе жатыр.
«Объектілерге шықпай камералдық бақылау хабарламалары бойынша 2018 жылдың 8 айы ішінде 93,1 млрд.теңгеге салықтар қайта есептелді. Есепті кезеңде оның 53,1 млрд. теңгесі бюджетке түсті. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда қоса есептелген сомаларды өндіріп алу тиімділігі 5,2 проценттік тармаққа ұлғайды», - деді ол.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!