Елімізде Мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық фактілерінің дені Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарында тіркелген. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Өңірлер бойынша айтар болсақ, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың дені Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарында болған. Аумақтық департаменттер жемқорлыққа қарсы барлық тетіктерді толығымен қолданып, алдын алу жұмыстарын күшейтуі керек», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілер Қаржы, Әділет және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің аумақтық қызметкерлері арасында көптеп анықталған.
Айта кетейік, қазір Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы жұмыс қорытындысына арналған алқа мәжілісінің онлайн трансляциясы өтуде.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!