BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ШОБ-тың айналым капиталына БЖЗҚ қаражатынан 200 млрд теңге тартылады - Қ.Бишімбаев

Шағын және орта бизнестің айналым капиталына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатынан 200 млрд. теңге тартылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылға арналған Дағдарысқа қарсы қосымша шаралар аясында шағын және орта бизнестің айналым капиталына және қарыздарын қайта қаржыландыруға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатынан 200 млрд. теңге, сондай-ақ 65 млрд. теңге көлемінде халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаттарын тарту көзделген», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, шағын және орта бизнесті одан әрі ынталандыру үшін өңдеуші өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлік субъектілерді қаржыландыру бойынша қосымша қолдау шаралары пысықталуда.

Айта кетерлігі, түпкілікті қарыз алушыға сыйақы мөлшерлемесі 12,7 пайыздан аспайтын 155,3 млрд. теңгені бөлу және мұндай несиелерді БЖК-2020 арқылы құнын 5 пайызға арзандату жоспарлануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер