Өткен аптада «Саран» шахтасында болған қайғылы оқиғада қайтыс болған кеншiлердiң отбасыларына өтемақы берiледi. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бейсенбi күнi «Саран» шахтасында қайғылы оқиға орын алды. Премьер-министрдiң тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Бұл мәселе Үкiметтiң бақылауында. Қайғылы оқиғаның себептерiн 10 күн iшiнде анықтап, тексеремiз», - деп хабарлады министр үкiмет отырысынан кейiн өткен баспасөз мәслихатында.
Ол тексерiс нәтижесi ресми түрде жарияланатынын жеткiздi.
Сондай-ақ, министр шахтада қайтыс болған кеншiлердiң отбасыларына жылдық жалақының он еселенген көлемiнде өтемақы берiлетiнiн атап өттi.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қарашада Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Саран» шахтасында қайғылы оқиға орын алып, 8 адам зардап шеккен болатын. 3 кенші оқиға орнында қаза болып, тағы бір кенші Қарағандының Мақажанов атындағы ауруханасында қайтыс болды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!