Сағынтаев Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдерінің қызметіне табыс тіледі - Үкімет|26 Маусым 2018, 10:34
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сағынтаев Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдерінің қызметіне табыс тіледі

Фото: halyq-arna.kz

Бүгін Үкімет отырысын ашқан ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасының Жарлығымен құрылған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының жаңа әкімдерін қызметтерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өздеріңіздерге мәлім, Елбасының Жарлығына сәйкес Түркістан облысы құрылып, орталығы Түркістан қаласы болды. 1 миллон тұрғыны бар Шымкент республикалық маңызы бар қала санатына енгізілді. Бұл өңірлердің жаңа әкімдері өткен аптада Елбасының Жарлығымен тағайындалды. Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі және Ғабидолла Абдрахманов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалуларымен құттықтаймыз. Сіздердің алдарыңызға қойылған жұмыстың ауқымы үлкен, сол себепті жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз», - деді ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында онкологиялық аурумен күрес жолдары, агломерация және кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселелері қаралады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер