Сағынтаев: Тарифтер төмендей ме? - Үкімет|13 Қараша 2018, 11:33
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сағынтаев: Тарифтер төмендей ме?

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне 1-желтоқсанға дейін тарифтер бағасын төмендетуге бағытталған жүйелі іс-шаралар жоспарын дайындауды тапсырды.

«Бірінші желтоқсанға қарай Энергетика және Ұлттық экономика министрліктері қадамдық жоспарды енгізуі тиіс. Ол жоспарда электр мен жылудың, сумен, газбен жабдықтау қызметтерінің, сондай-ақ кәріз желісінің, телефон байланысының, интернеттің, ПИК тарифтері қалай және қаншалықты төмендейтіні көрсетілсін. Президент әлеуметтік жауапкершілікті сезіну, ашық болу әрі адамдардың сенімін иелену керек деп міндет қойды», - деді ол.

Осы орайда Сағынтаев энергетика және ұлттық экономика министрлігіне желтоқсан айының алғашқы 10 күндігінде «дөңгелек үстел» отырысын өткізіп, осы іс-қимыл жоспарын өңірлік бөлімшелердің, прокуратура өкілдерінің, монополистердің, депутаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың қатысуымен талқылауды тапсырды.

«Тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету және 2019 жылға арналған шекті тарифтерді белгілеу мәселелерінде үкіметтің ұстанымын жұртшылық білуге тиіс. Ұлттық экономика және энергетика министрліктерінің басшылығы, сондай-ақ аумақтық құрылымдардың басшылары, монополистердің инвестициялық міндеттемелерін орындау, тарифтерді төмендету және монополистердің заңсыз алған қаражаттарын халыққа қайтару мәселесі бойынша жыл аяғына дейін қоғам және БАҚ алдында жариялы түрде есеп беруі тиіс», - деді Үкімет басшысы.

Осыған дейін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне тарифтертерді төмендетуге бағытталған жүйелі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырғанын, Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялағанын, бағаны негізсіз өсіруге жол берген монополистерді жазалауды тапсырғанын жазғанбыз.

Айта кетейік, өткен аптада Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиында электр және жылу энергияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы бағаның белгіленуіне бақылау жасайтын мемлекеттік органдардың жұмысы сынға алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер