Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне тариф бағасын төмендетуге бағытталған жүйелі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне тариф бағасын төмендетуге бағытталған жүйелі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.
«Қауіпсіздің кеңесінің отырысынан кейін біз бірден тарифтерді төмендету және жалпы тарифтерді белгілеу жүйесінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету шараларын анықтадық. Құрамына энергетика, ұлттық экономика министрліктері мен бас прокуратураның өкілдері кіретін жұмыс тобы құрылды. Оның басты мақсаты – ең соңғы тұтынушылар үшін тарифтерді төмендету», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Оның айтуынша, қазіргі таңда электр энергиясын өндірудің өзіндік құнын айқындау әдістемесі дайындалып жатыр. Осы орайда премьер-министр табиғи монополистердің қаражатты мақсатты пайдалануын, әрі мемлекеттік бақылау және монополияға қарсы қызметті күшейту бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді әзірлеу басталғанын атап өтті.
«Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне алдымыздағы 1 желтоқсанға дейін ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтертерді төмендететін жүйелі іс-шараларды әзірлеу міндеті жүктелді. Ең негізгі мәселе – тарифтерді қалыптастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету. Екіншіден баға саясатына мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды күшейтіп, тарифтерді төмендету үшін қажетті іс-шараларды қабылдау», - деді ол.
Аталған салада қандай жұмыстар атқарылып жатқанын Үкімет басшысына энергекатика министрі Қанат Бозымбаев пен ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады.
Айта кетейік, өткен аптада Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиында электр және жылу энергияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы бағаның белгіленуіне бақылау жасайтын мемлекеттік органдардың жұмысы сынға алынды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!