Сағынтаев: Таразда білім гранттары жоқтың қасы  - Үкімет|14 Қараша 2018, 16:07
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сағынтаев: Таразда білім гранттары жоқтың қасы 

Тараз, Baq.kz тілшісі. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Жамбыл жоғарғы политехникалық колледжінде болып, өңірдегі білім саласы мамандарымен жиын өткізді.

«Мемлекет басшысы мұғалімдердің мәртебесін көтеруді тапсырды. Ауылға білімі төмен түлек барады. Шамасы жетсе, қалада қалып қояды. Бұл біз жоғары оқу орындарында мамандарды төмен дәрежеде дайындаймыз деген сөз. Білім беру сапасы төмен. Елбасының айтып отырғаны да осы», - деді Премьер-министр.

Ол қазіргі уақытта мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру мақсатында профессорлар мендокторлардың да әр бес жыл сайын арнайы емтихан тапсыруы қарастырылғанын еске салды.

«Ұсынылған анықтамаға сәйкес, сіздердің университеттерді тәмамдаған түлектердің тек 50% ғана жұмысқа орналасады. Қалған балалар жұмыссыз. Грант тіптен жоқ. Гранты, бар бала Таразға келіп оқуға түспейді. Грантын алып, мықты университетке кетеді. Сонда Тараздағы университетке кім келеді? Кімнің жағдайы жоқ, сол келіп оқиды. Себебі, баға төмен. Ұлттық университетте оқу үшін 1 млн 200 мың, басқасына 640 мың теңге төлеуі керек. Қалтасы көтермейді. Грант жоқ. Таң қалдым. Осыған қандай жауап бар?» - деп сұрады Үкімет басшысы.

Облыстағы беделді оқу орнының бірі саналатын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры гранттарға қатысты түсінік берді.

«Мемлекеттік гранттардың тиімді пайдаланылуы мемлекеттік тапсырысты орналастыруға тікелей байланысты. Осы мәселеде, бір қарама-қайшылық (диспропорция) орын алған. Мысалы, көптеген жоғары оқу орындар арнайы квота бойынша адрестік гранттар алады (мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы, "Серпін" бағдарламасы, педагогикалық жоғары оқу орындарына берілетін адрестік квота). Кейбір университеттер 2-3 бағдарлама бойынша адрестік гранттар иеленеді. Осы жағдайда тек қана жалпы конкурспен мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын университеттер өз мүмкіншіліктерін толық пайдалана алмай отыр. Сондықтан, мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмін өзгерту қажет деп ойлаймыз», - деді университет басшысы Махметқали Сарыбеков.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Тараз қаласындағы ІТ лицей-интернатының жұмысымен танысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер