Сағынтаев Щучинск – Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді - Үкімет|04 Тамыз 2017, 16:40
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сағынтаев Щучинск – Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Щучинск – Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда осы саладағы барынша перспективалы бағыттар мен жобалар талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңеске туристік бизнес өкілдері, бизнес қауымдастықтардың, «Атамекен» ҰКП, орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нұржан Әлтаев жалпы туристік саланы және Щучинск – Бурабай курорттық аймағын дамыту шаралары туралы баяндамаларымен таныстырды.

Бұдан өзге, аталған саланың алдағы перспективалары туралы көзқарастарымен Қазақстан туристік қауымдастығының президенті Роза Асанбаева және Туризмнің еуразиялық қауымдастығының президенті Рысты Қарабаева бөлісті.

Қатысушылар экологияны жақсарту, көлік логистикасын дамыту, туристік сертификаттарды енгізу, саланы шетелде таныту үшін маркетингтік қолдау, қысқы мерзімде мейманханалар мен қонақүйлерді қамтамасыз ету және т. б. мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бақытжан Сағынтаев сөз сөйлеу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда экономиканың үшінші жаңғыруы орын алып жатқанын атап өтті. Оның аясында өсімнің жаңа моделі қалыптастырылуда. Дегенмен, әлемнің 30 ең үздік дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін базалық салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудан өзге, экономиканың өзге де перспективалы салаларын жақсарту қажет, олардың ішінде туризим мен сервистік қызметтер бар.

Бұл үшін, Премьер-министрдің айтуынша, қажетті инфрақұрылымды дамытып, сервис деңгейін арттыру қажет. Үкімет тарапынан осы бағытта қажетті кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, соның ішінде Щучинск – Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2020 жылға дейінгі кешендік жоспары әзірленді.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға аталған ұсыныстарды жинақтап, облыстың туристік кластерін дамытудың қолданыстағы бағдарламасына өзгерістер енгізу кезінде ескеру тапсырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер