BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сағынтаев пойыз апатын тексеру жұмыстарын өз бақылауына алды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев сейсенбідегі Үкімет отырысында «Астана-Алматы» бағытындағы №9 жолаушылар пойызы вагондарының рельстен шығып кетуінен болған жол апатына байланысты министрліктер мен мүдделі органдарға бірқатар тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп қазақ тапқан баланың отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетсін. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін және бақылауға алсын. Ішкі істер министрлігі Инвестициялар және даму министрлігімен, «Қазақстан темір жолы» компаниясымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп вагондардың жолдан шығып кету себептерін мұқият тексерсін. Бұл оқиғның тексеру барысын жеке өз бақылауыма аламын. Қанат Қалиұлы комиссия жұмысының қорытындысын көпшіліктің назарына жеке өзіңіз жеткізіңіз»,- деді Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек, осыған дейін Үкімет басшысы қаза тапқан баланың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер