Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев өңірлерде еңбек өнімділігін арттыра алмаған облыс әкімдерін сынға алды.
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев өңірлерде еңбек өнімділігін арттыра алмаған облыс әкімдерін сынға алды.
Бүгін Үкімет отырысында облыс әкімдері Премьер-министрге өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі бойынша есеп берді. Алайда әкімдердің есебі Бақытжан Сағынтаевтың көңілінен шықпай қалды.
«(Еңбек өнімділігі бойынша – автор) келесі баяндайтын азаматтар, (еңбек өнімділігінің неге өспеу – автор) себебін дұрыс айтыңыздар. «Бір облыс «әдістеме өзгерді, сол кінәлі» дейді. Бір облыс «өзбек ағайындар кінәлі» дейді. Жұмыстарыңыздың (мәні – автор) неде? Жұмысшылар сырттан жылда келеді. Сонда жыл сайын «өзбек ағайындар кінәлі» деп отырамыз ба?», - деді Үкімет басшысы.
Осы орайда Сағынтаев әкімдерге жұмысқа жауапкершілікпен қарауды талап етті.
«Жалпы баяндамаға, жиналысқа дайындалған кезде оның мазмұнын білу керек. Жақсылап дайындалу керек. (Жасалған баяндамалардың бәрі – автор) атүсті жасалған. Қағаз жазылып беріледі, соны ғана оқып бересіздер», - деп түйіндеді сөзін премьер-министр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!