Тараз, Baq.kz тілшісі. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Тараз қаласындағы ІТ лицей-интернатының жұмысымен танысты.
Тараз, Baq.kz тілшісі. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Тараз қаласындағы ІТ лицей-интернатының жұмысымен танысты.
Бұл білім ошағы Елбасының тікелей тапсырмасымен қабылданған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде іске қосылды. Лицей барлық заманауи құрылғылар және озық технологиялармен қамтылған.
Тараз қаласының жаңа 14-шағын ауданында орналасқан лицей әзірге 120 орынды болып ашылғанымен, 2019-2020 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 300 орынға кеңейтіледі деп жоспарлануда. Білім ордасы 1,7 гектар жер аумағын алып отыр.
Лицейдің жалпы жұмысы бойынша баяндаған мамандар "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында іске асырылған нысанның экономикалық тиімділік әсері жөнінде қойылған премьер сауалына мардымды жауап бере алмады.
"Есептеу керек. Міндет етіп қою керек. Жалпы, біз цифрландыру туралы сөз қозғаған кезде экономикалық қандай әсер болып отырғанын анықтауға әдеттену керекпіз. Себебі, шығындарды азайтып отырмыз. Сонда Жамбыл облысында мынаны жүзеге асыру нәтижесінде мынандай шығындар азайды деп айта аласыздар", - деді Бақытжан Сағынтаев.
Үкімет басшысы "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасында аталған бағдарлама аясында экономикалық тиімділік әсері 2 трлн теңге болатынын көрсетілгенін еске салды.
Айта кету керек, білім ошағы оқушыларға IT технологиялар аясында қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде білім бермек. Оқу нысанында 6 комплект сыныптары қамтылған. Лицей кешені 12 оқу кабинеті, 2 компьютер кабинеті және кітапхана, ЛМК, медициналық кабинет, STEM-зертхана, робототехника, Web-бағдарламалар кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ, спорт залы, мәжіліс залы мен асханасы бар.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!