Сағынтаев мемлекеттік-жекешелік әріптестікті баяу жүргізіп отырған өңірлерді сынады - Үкімет|10 Сәуір 2018, 11:10
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сағынтаев мемлекеттік-жекешелік әріптестікті баяу жүргізіп отырған өңірлерді сынады

Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі баяу жүріп жатқан СҚО, БҚО, Жамбыл облысының басшыларына осы саладағы жұмысты қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«ШҚО 168, Қарағанды облысы 106, Ақтөбе облысы 127 жобамен алдыңғы қатарда келе жатыр. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі баяу СҚО, БҚО, Жамбыл облыстарының басшылары жұмыстың не себептен бұлай жүріп жатқанын айтпады. Басқа өңірлерге қарағанда мүмкін кедергілер бар шығар, ол жөнінде айтылмады. Яғни, не ынта жоқ, не жұмыстың бәрі бюджеттен қаржыны алып соны игеруге байланысты болып отыр», - деді Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев.

Премьер-министр жұмысы баяу жүріп отырған облыстардағы әріптестеріне осы саладағы жұмыстарын қайта қарауды тапсырды.

«Қажетті шешімнің бәрі қабылданып, қажетті заңға өзгерістер енгізу мәселесі де шешіліп жатыр. Осы жарты жылдығына дейін Парламенттің қабылдауымен бәрі заң түрінде шығатын болады. Алдағы уақытта да көп нәрсені шешуге мүмкіндігіміз бар», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер