Сағынтаев ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысын өткізді - Үкімет|21 Тамыз 2017, 12:51
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сағынтаев ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында қазіргі кездегі ғылымды дамытудың басымдықты бағыттары, сондай-ақ ғылымды одан әрі қаржыландыру мәселелері мен елімізде фармацевтикалық кластерді дамыту мақсатында әзірленген ҚР БҒМ-нің «2018-2020 жылдарға арналған Бірегей дәрі-дәрмектерді әзірлеу мен оларды зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру» бағдарламасының ғылыми-техникалық жобасы талқыланды.

Еске сала кетейік, Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия ҚР Үкіметінің қаулысымен 2011 жылғы 20 сәуірде құрылған және ол – ҚР Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган. ЖҒТК отырыстары қажеттілігіне байланысты жылына кем дегенде екі рет өткізіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер