Сағынтаев ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді - Үкімет|25 Маусым 2018, 20:13
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сағынтаев ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа жолдауын іске асыру аясында еліміздің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге және экономиканы жаңғыртуға бағытталған мәселелер қаралды. Атап айтқанда, квазимемлекеттік сектордың активтерін бәсекелі ортаға беру және жекешелендіру жүргізу барысы, сондай-ақ, «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT» жобасын іске асыру мәселелері қаралды.

Қозғалған мәселелер бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, қаржы министрі Б. Сұлтанов, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленов, Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ш. Байбеков, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы А. Есімов сөз сөйледі. Сонымен қатар талқылауға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А. Мамин мен Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаев қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Отырыстардың мақсаты — Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде шешімдерді әзірлеу және қабылдау.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер