Сағынтаев көп сөйлеген Сапарбаевқа: Шыдап тыңдадық, келесіде айтылған мәселені баяндаңыз - Үкімет|17 Шілде 2018, 13:01
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сағынтаев көп сөйлеген Сапарбаевқа: Шыдап тыңдадық, келесіде айтылған мәселені баяндаңыз

Бүгін Үкімет отырысында «Ақылды қалаларды» іске асыру мәселесі талқыланып, өңір басшылары Премьер-министрге есеп берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Баяндамашы Дәурен Абаевтың сөзінен кейін өңірлерден ең бірінші Ақтөбе облысының әкіміне сөз берілді.

«Ақтөбеде ақылды қала жобасы бес бағытта жүзеге асып жатыр. Бірінші бағыт білім беру жүйесі, Ақтөбеде 77 мектеп бар. Оның барлығы жылдамдатылған интернетке қосылған. Биыл қосымша 1100 компьютер сатып алынды. Соның нәтижесінде барлық мектептер 100% компьютермен қамтамасыз етілді. Қала мектептерінде күнделік жүйесі, балабақшаларға кезекке тұру электрондық желіге енгізілді», - деп бастады сөзін өңір басшысы.

Осыдан кейін Сапарбаев кідірмей тоғыз минут сөйледі.

«Бердібек Мәжбекұлы, тақырыптан шығып кеттіңіз. Негізгі айтылған мәселе Smart city. Сіз облыстың мәселесін айтып кеттіңіз. Атқарылған жұмыс болған соң шыдап тыңдадық. Алдағы уақытта толыққанды тек қана айтылған мәселе бойынша баяндауыңызды сұраймын», - деп ескертті Үкімет басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер