Сағынтаев Фиджи Республикасының Премьер-министрімен кездесті - Үкімет|15 Тамыз 2017, 16:09
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сағынтаев Фиджи Республикасының Премьер-министрімен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласына үш күндік жұмыс сапарымен келген Фиджи Республикасының Премьер-министрі Джосайа Вореке Байнимарамамен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында экономика, туризм, ғылым және білім берудің түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Елдер арасындағы экспорттық-импорттық операциялардың мүмкін бағыттары қаралды.

16 тамызда ФР Премьер-министрі Джосайа Вореке Байнимараманың қатысуымен Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде Фиджи Республикасының Ұлттық күнінің ашылуы жоспарланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер