Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Экономика жөніндегі сарапшылық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Экономика жөніндегі сарапшылық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында қойған міндеттерін ескере отырып, 2020–2024 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық дамудың жаңа тұжырымдамасын əзірлеу мəселесі талқыланды. Экспортқа бағытталған индустрияландыру экономикалық саясаттың басты элементі ретінде айқындалып отыр, әсіресе өңдеуші сектор экспорттаушыларына барынша қолдау көрсетілу керек.
«Астана» халықаралық ғылыми кешені» басшысы А. Боранбаев осы саладағы экономиканы дамытудың жаңа тәсілдерінің жобасымен таныстырды. Қалыптасқан жағдайды талдаған сарапшылар талдауы өндірушілерді жүйелі қолдау келісілген әрі интеграцияланған болуы тиіс екенін көрсетті.
Жоба талқыланған жиында инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ның бас директорының кеңесшісі Ж.Күлекеев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Әлеуметтік мәселелерді талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова және басқалар пікірлерімен бөлісті.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!