Сағынтаев болашақта еңбек нарығы қалай өзгеретінін айтты - Үкімет|29 Қараша 2018, 11:15
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сағынтаев болашақта еңбек нарығы қалай өзгеретінін айтты

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана,BAQ.KZ тілшісі. 29 қарашада Астана қаласында «Еңбек нарығының болашағы: жаңа мүмкіндіктер» форумы басталды. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде бұл соңғы уақытта ең өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын атап өтті.

"2017 жылы Елбасының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы" Жолдауынан бастап осы мәселемен белсенді жұмыс істеп келе жатырмыз. Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында да, осыған дейін де өткізілген жиналыстарда да талқылап келеміз. Бүгін өз ұсыныстарымен бөлісу үшін келген сарапшыларға алғыс айтамын. Бүгінде әлемде көптеген өзгерісетр болып жатыр. Еңбек нарығының болашағын талдап, мұқият зерттеп жатырмыз. Дүниежүзілік банкі, Азия даму банкі және басқа да ұйымдардың зерттеулерін қатаң бақылап отырмыз. Қазақстан бүгінде ашық қоғамды, ашық экономиканы құруда. Біздің стратегиямызға сәйкес әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндеті тұр", - деді үкімет басшысы.

Ол технологиялардың тез дамуы және роботты техника және басқа да мәселелер жұмыс орындарының құрылымын өзгертетінін, 2025 жылға дейін 140 млн жұмыс орны жойылуы мүмкін деген болжамды айта кетті.

"Ескі мамандықтардың жойылуы мен жаңа мамандықтардың пайда болуы жаңа дағдыларды игеру, яғни еңбек ресурстарының икемділігін қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Жұмыс орындарының 10 пайызы жаңа мамандықтармен көрініс табады. Олар дәстүрлі салалармен инновациялардың бірігуі арқылы пайда болады. Бұл икемді экономиканы дамытуға әкеледі. Еңбек нарығы өзгереді, фрилансерлер саны ұлғаяды. Ішінара немесе үйде жұмыс істеу, жылдық сағаттар көлемі, инклюзивтілік, сонымен қатар әйелдердің, мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыспен қамтылу мөлшері өзгеретін болады", - деп атап өтті Сағынтаев Астанада өтіп жатқан форумда.

Фотолар: Нұржас Жақсыбай

Ол бүгінгі форум халықаралық сарапшылар, ірі жұмыс берушілер мен үкіметтік құрылымдар арасындағы ірі пікір алмасу алаңына айналатынына сенім білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер