Сағынтаев: Азаматтардың статусын нақтылау жұмысын жандандыру қажет - Үкімет|28 Тамыз 2018, 12:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сағынтаев: Азаматтардың статусын нақтылау жұмысын жандандыру қажет

Фото: ашық дереккөзден

Азаматтардың статусын нақтылау бойынша бірқатар шара атқарылып жатыр. Дегенмен, жұмысты əрі қарай жалғастырып, жандандыру қажет. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгінгі отырыста ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Мəдина Əбілқасымова, облыс және қала басшылары азаматтардың статусын нақтылау бойынша есеп берген болатын.

"Баяндамадан көріп отырғанымыздай азаматтардың статусын анықтау бойынша бірқатар шара атқарылып жатыр. Дегенмен, жұмысты əрі қарай жалғастырып, жандандыру қажет. Бұл негізінен жергілікті өңір басшыларының жауапкершілігіне жатады. Ең басты біздің мақсатымыз - əрбір азаматты еңбекке тарту. Қазір цифрландыру саласы дамып келеді. Сол себептен Мəдина Ерасылқызы (Əбілқасымова - авт.) Ақпарат жəне коммуникациялар министрімен бірлесіп, жұмысты əрі қарай жүргізуіңізді сұраймын", - деді Сағынтаев.

Премьер-министр жақын арада сәйкес заң жобасы парламент мəжілісіне енгізілетінін де айтты.

"Парламентте заң жобасының өтуін жылдамдатуды қамтамасыз етуді сізге тапсырамын", - деп Бақытжан Сағынтаев Мəдина Əбілқасымоваға тапсырды.

Атап өтсек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленіп, Үкіметке енгізілді. Заң жобасы мемлекеттік органдармен және Президент Әкімшілігімен келісіліп, қоғамдық талқылаудан өтті. Бүгін Үкімет отырысында аталған заң жобасы қаралды.

Бұған дейін Еңбек министрі биыл 1,5 миллионға жуық азаматтың статусы нақтыланғанын айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер