Сағадиев Үкiмет басшысынан ата-аналарды жұмыстан ерте жіберуді сұрады - Үкімет|02 Мамыр 2017, 11:20
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сағадиев Үкiмет басшысынан ата-аналарды жұмыстан ерте жіберуді сұрады

ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан алдағы 12 мамырда өтетін жиналысқа қатысуға Үкiмет деңгейiнде тапсырма берудi сұрады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«БҒМ 12 мамырда ата-аналар жиналысын республикалық деңгейде өткiзудi жоспарлап отыр. Бiзде ата-аналардың жиналысқа қатысу деңгейi өте төмен, олардың 10 пайызы ғана қатысады. Сондықтан, осы сәттi пайдаланып, барлық мемлекеттiк орган, мекеме басшыларынан ата-аналарды сол күнi жиналысқа уақытында жiберудi сұраймыз. Сiзден, осыған қатысты Үкiмет тарапынан тапсырма беруiңiздi сұраймыз. Жиналыста бiлiм саласындағы мәселелер талқыланады», - дедi Сағадиев.

Бұған қатысты Премьер-министр «республикалық ата-аналар жиналысына қатысты тапсырма берудiң қажетi жоқ деп ойлаймын» дедi.

«Өйткенi, әркiм өзiнiң баласы үшiн ата-аналық жүрегiмен қатусыға шешiм қабылдауы қажет. Сол себептен, бұл былай да түсiнiктi жағдай», - дедi Сағынтаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер