BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Премьер-министр Үкімет мүшелеріне: Халықтың табысы неге төмен?

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті әкімдіктерге қазақстандықтардың нақты табысына сараптама жасауды тапсырды.

«Бәрі сол «статистиканың мәліметі дұрыс емес» деген әңгімеге тіреледі. Болмаса, орташа жалақы жоғары дейсіздер. Халықтың нақты табысы төмен. Оған не себеп? Соған анализ керек. Бұл бірінші кезекте құзыретті органдар: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті жердегі әкімдіктердің жұмысы», - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда премьер-министр келесі айда өтетін Үкімет отырысында аталған мәселе қайта қаралатынын жеткізді.

«11 айдың қорытындысы бойынша өтетін отырысқа барлықтарыңыз осы сұраққа жауап беруге дайын болыңыздар», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Осыған дейін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне тарифтертерді төмендетуге бағытталған жүйелі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырғанын, Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялағанын, бағаны негізсіз өсіруге жол берген монополистерді жазалауды тапсырғанын, Ұлттық экономика министріне арнайы тапсырма бергенін, көмір мен тауарлардың бағасын ерекше бақылауда ұстауды тапсырғанын, әрі халықты толғандырған мәселелерге назар аударуға шақырғанын жазғанбыз.

Айта кетейік, өткен аптада Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиында электр және жылу энергияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы бағаның белгіленуіне бақылау жасайтын мемлекеттік органдардың жұмысы сынға алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер