BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Премьер-министр «Үкімет азаматтар үшін» корпорациясының кеңсесіне барды

Фото: aktobegazeti.kz

Ақтөбеге жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы кеңсесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының кеңсесі Ақтөбеде осы жылдың 12 мамырында жұмыс жасай бастады. Жаңа бірегей жоба мемлекеттік қызметті жедел, ашық және қолайлы болуы үшін жаңадан құрылған бірегей мемлекеттік қызмет провайдері аясында жүзеге асырылған болатын.

Аталған жоба өңірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес іске қосылған болатын. Мемлекеттік корпорация республикалық төрт кәсіпорын: халыққа қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік, жер кадастры және зейнетақы төлеу орталықтарының қосылуы нәтижесінде құрылды. Нәтижесінде облыс тұрғындары бір жерден бірнеше қызмет түрін ала алады.

Кәрім Мәсімов «Үкімет азаматтар үшін» жобасының қызметімен танысты.

Қазіргі таңда мұнда 530-дан астам қызмет көрсетіледі, күн сайын кеңсеге орта есеппен 500 адам, олардың ішінде 350-ге тарта адам әлеуметтік және зейнетақымен қамту сұрақтарымен

2018 жылғ ақарай «Үкімет азаматтар үшін» бір терезе қағидасы бойынша 709 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Кәрім Мәсімов сондай-ақ жұмыссыздық өсімін болдырмау жұмыстарының нәтижесі, өңірде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы хабарлады. Осыған орай аймқата 6 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған, 2 млрд теңге шағын несиелендіруге жұмсалады.

- Жалпы, Қазақстан бойынша, 9 сыныптан кейін 20 мың бала колледждерге де, кәсіптік лицейлерге де оқуға түспейді. Осы топпен жұмыс жасау керек, - деп тапсырды Премьер-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер