Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елімізде индустрияландыру аясында цифрлық фабрикаларды құру жұмыстарының қарқыны төмен екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елімізде индустрияландыру аясында цифрлық фабрикаларды құру жұмыстарының қарқыны төмен екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Елбасы өзінің Жолдауында индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің флагманына айналуы тиіс екенін атап өткен болатын. Осы бағытта біз 7 үлгілік цифрлық фабрика құру жобасын іске асыруымыз қажет. Жеңіс Махмұдұлы Дәурен Асқарбекұлы және Асқар Қуанышұлымен (сәйкесінше, ҚР Инвестициялар және даму министрі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі және ҚР Премьер-министрінің орынбасары – агенттік ескертпесі) біріге отырып, осы жұмыстарды жүргізуді жалғастыру қажет. Бүгінгі дейін жұмыстың қарқыны төмен. Жарты жыл өтті. Бірақ, бүгінгі баяндамаларда осы атқарылған жұмыстың нәтижесі туралы баяндалған жоқ», - деген Үкімет басшысы осыған назар аударуды сұрады.
Сағынтаев бұл ретте жоғары технологиялық өнім шығаруға байланысты кәсіпорындарды қайта модернизациялау алға қойылып отырған инегізгі талап екенін атап өтті.
«Осыған байланысты бұл экспортқа шығатын өнімдердің көлемін өзгертуге де септігін тигізеді. Тағы бір мәселе, біздің өңдеуші секторда жүйе құратын жаңа ірі кәсіпорындардың іске асырылмай жатқаны. Осыған баса назар аудару қажет. Бізде әлі де уақытылы пайдалануға берілмей отырған немесе пайдалануға берілгенімен, толық деңгейде жұмыс атқармай отырған кәсіпорындар бар», - деп сын айтты Премьер-министр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!