Премьер-министр Шығыс Қазақстан облысына шұғыл түрде қаржы бөлудi тапсырды - Үкімет|03 Сәуір 2018, 12:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Премьер-министр Шығыс Қазақстан облысына шұғыл түрде қаржы бөлудi тапсырды

Фото: ult.kz

Үкiмет отырысында су тасқынынан зардап шегiп отырған Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Даниал Ахметов аймақтағы ахуал жайлы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев өңiрдегi жағдай мен зардап шеккен аудандардағы тұрғындарға көмек қалай көрсетiлiп жатқанын сұрады.

«Қазiргi күнi облыстың төрт ауданы - Аягөз, Зырян, Глубокое, Шемонаиха мен Семей қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Барлық мәселе менiң тұрақты бақылауымда. Су басқан жерлерде техника мен құрал-жабдықтар жұмыс iстеп жатыр. Арнайы құрылған комиссия шығынды есептеуде. Қоғам өкiлдерiне қосымша 3 107 адам қамтылды. Қазiргi кезде үйлердi қалпына келтiру, жөндеу бойынша жұмыс басталып кеттi. Осындай күнделiктi жұмысты бiз атқарып жүрмiз. Мұндай мәселе бiрiншi рет болып отыр. Мысалы, Зырян қаласында 60 жыл осындай жағдай болмаған. Ендi Бұқтырма өзенiнде мұздың қалыңдығы 2 метр болды. Қазiр жару жұмыстарын өткiзiп жатырмыз. Бiрақ та бүгiнде күн бұзылды. Өскеменде де, Зырян жақта да қар жауып жатыр. Барлық жұмысты бақылаудамыз», - дедi Даниал Ахметов.

Бақытжан Сағынтаев Үкiмет тарапынан қажеттi көмектiң барлығы көрсетiлетiнiн айтты.

«Даниал Кенжетайұлы, сiздiң жазған хатыңыз келiп түстi. Қосымша қаражат көзi көмек ретiнде бөлiнедi. 2 млрд теңге облысқа сұралды. Бақыт Тұрлыханұлы (Сұлтанов - қаржы министрi - авт.), шешiмдердi шұғыл түрде дайындаңыз. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин - премьер-министр орынбасары - авт.), жалпы республика бойынша осы күрделi жағдайдың барлығы сiздiң бақылауыңызда», - деп тапсырды премьер-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер