Металлургиялық кремний шығаратын «Tau-Ken Temir» ЖШС зауытында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев технологиялық жаңғырту бойынша қолданылып жатқан шаралармен және кәсіпорынды дамыту перспективаларымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев кремний балқытпасын шығару, тазарту және құю жүзеге асырылатын өндірістік цехтарды аралап шықты, сондай-ақ кремнийді аралық сақтау қоймасына барды.
«Tau-Ken Temir» ЖШС басқарма төрағасы Мұрат Жүкенов ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа технологиялық үдерістердің ерекшеліктері туралы, сондай-ақ кәсіпорынды дамыту бойынша ағымдағы жетістіктер мен жоспарлар туралы баяндады.
2018-2019 жылдары 1,5 млрд теңге сомаға инвестициялық бағдарламаны іске асыру жоспарланған, ол шикіқұрамалық материалдар қоймасын салуды, паркті жаңартуды және технологиялық жабдықтарды жаңғыртуды көздейді.
Кәсіпорынды дамыту жоспарлары ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын орындау аясында өнеркәсіптік кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмысқа сәйкес келеді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!