BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Премьер-министр: Қашағанда мұнай өндiрудi 2016 жылы қазанда бастау керек

Үкiметте өтiп жатқан отырыста Премьер-министр Кәрiм Мәсiмов биылға жоспарланған мұнай өндiру көлемiн ұлғайтуды тапсырды, хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Мұнай өндiру бойынша Энергетика министрi мен «ҚазМұнайГаз» компаниясына тапсырмам бар. Мұнай өндiру көлемiн жоспарланған 74 млн тоннадан 75 млн тоннаға дейiн ұлғайту керек. 2016 жылдың қазанында Қашағанда мұнай өндiрудi бастау мiндетi тұр. Барлық қажеттi келiсiмдер жасалды, бүкiл нормативтiк шешiмдер қабылданды», - дедi Кәрiм Мәсiмов.

Сондай-ақ, Үкiмет басшысы мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу мерзiмiне қатысты тапсырмалар жүктедi. Оның айтуынша, қосымша тағы 150 мың тонна мұнай қайта өңделуі тиіс.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер