Премьер-министр «Арселор Миттал Теміртау» ірі өнеркәсіптік кәсіпорнын жаңғырту жоспарымен танысты - Үкімет|28 Шілде 2017, 17:51
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Премьер-министр «Арселор Миттал Теміртау» ірі өнеркәсіптік кәсіпорнын жаңғырту жоспарымен танысты

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның өндірістік нысандарын, олардың ішінде ЖЭЦ-2 және №3 домна пешін аралады, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша аса маңызды міндетті орындау шаралары туралы баяндады. Осы мақсатта ЖЭЦ-2 қуаттарын жаңғырту бойынша кешенді жоспар әзірленеді.

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның өндіріс жөніндегі директоры Вадим Басин турбиналық цех және жалпы станцияның жұмысы туралы, станцияның және 2017-2018 жылдарға жөндеу науқанының негізгі параметрлері туралы баяндады.

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов қаланың 2017-2018 жылдарға жылу беру маусымына дайындығы туралы, оның ішінде инженерлік желілердің, көп қабатты тұрғын үйлердің және әлеуметтік-мәдени нысандардың дайындығы туралы баяндады.

Бұдан өзге, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев №3 домна пешіндегі шойын шығару процесімен танысты. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Калон Парамжит компанияның қызметі және дамудың алдағы перспективалары жайлы баяндады.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына сәйкес еліміздің тау-кен металлургия кешені экономикалық өсім үшін өзінің стратегиялық мәнін сақтап қалуы тиіс. Осыған байланысты бұл компаниялармен жаңа нарықтарға шығу, жеткізу географиясын және минералды-шикізаттық базаны кеңейту бойынша жұмыс жүргізу керек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер