Үкiмет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк жобалары жайлы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Үкiмет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк жобалары жайлы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк жобаларына келсек, олар: Павлодар қаласының сыртқы жарықтандыру жүйесiн жаңғырту және сенiмгерлiкпен басқару жобасы, Екiбастұз қаласында электр желiлерiнiң сыртқы жарықтандыру жүйесiн жаңғырту және пайдалану жобасы. Осындай жоба Атырау қаласында да бар. Бақытжан Әбдiрұлы, (Сағынтаев-премьер-министр-авт.) энергия үнемдейтiн технологияларды енгiзу және осы секторға инвестицияларды тарту мақсатында сiзден орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарға энергия үнемдеуге және энергия тиiмдiлiгiне бағытталған мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк жобаларын iске асыруды бастау туралы тапсырма беруiңiздi сұраймыз», - дедi Жеңiс Қасымбек.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!