Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы кедергілерді жою жұмыстарына ерекше мән беру қажет. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Сауда-саттықты ары қарай дамыту үшін Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында кедергісіз ортаны құру бойынша жұмыстарды жалғастыру керек. Бүгінде 60-тан астам кедергінің тізімін тараптар айқындады. Оларды жою бойынша жол карталарын даярлау жұмыстары жүріп жатыр»,-деді ол.
Осы орайда Қазақстан премьер-министрі аталған мәселені келесі үкіметаралық отырыста қарастыру қажеттігін жеткізді.
«Өзара сауда-саттықта кедергілерді жою шараларына тыңғылықты мән беру керек. Яғни бұл жұмыстар тек қағаз жүзінде ғана ескерілмеуі тиіс. Сондықтан алдағы міндеттерді сапалы және тәжірибе жүзінде іске асыру қажет. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ келісімімен қарастырылған уағдаластықтарды орындау назарда болуы тиіс», -деп түйіндеді сөзін Бақытжан Сағынтаев.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!