Бүгін үкімет отырысының кулуарында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Венада жасалған ОПЕК бойынша келісім туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бүгін үкімет отырысының кулуарында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Венада жасалған ОПЕК бойынша келісім туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Келісімге қол қойған ОПЕК және ОПЕК емес елдер арасында ортақ келісім бар. Ол келісімнің негізінде жалпы мұнайдың өндіру көлемі тәулігіне дүниежүзі бойынша 1 млн баррельге жоғары болады. Жалпы, мұнай өндірісін шектеу шектеу 1,8 млн баррель деңгейінде сақталады. Себебі 2016 жылы келісілген осы деңгей тәулігіне 1,8 млн баррель болды. Алайда артығымен кетіп қалды шектеу. Венесуэла мен Мексикада мұнай өндірісі төмендеп кетті. Сондықтан 2,8 млн баррель болды. Осы мәселе түзетілді», -деді Қанат Бозымбаев.
Айта кетейік, бұдан басқа энергитика министрі Қанат Бозымбаев мұнай төңірегіндегі жиі айтылатын пікірге түсініктеме берген болатын.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!