BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өңірде бензин тапшылығы жоқ – Нұрлан Ноғаев

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде жанар-жағармай тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі таңда бензин тапшылығы жоқ», - деп жауап берді облыс әкімі журналистің сұрағына.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, бүгінде Атырау мұнай өңдеу зауыты қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр екен. Зауыт күніне халық ең көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензиннің 2,4 мың тоннасын өндіруде. Ал оның бағасы облыста 151 мен 158 теңге аралығында.

«Сонымен қатар Атырау МӨЗ-ден басқа өңірге басқа да компаниялар бензин жеткізеді. Облыста мұндай жанар-жағармай жеткізуші 22 компания және 103 жанармай құю станциясы бар», - деді облыс әкімі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер