BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Оқушылардың интерактивтi сабақтарға қызығушылығы артты – Сағадиев

Бүгінгi таңда мектеп мұғалімдері мен оқушыларға арналған 80 мың бейнефильм мен интерактивті сабақ бар. Олар кез келген материалды ғаламтордан, не болмаса, мектеп серверінен алып, сабақ кезінде пайдалана алады. Бұл туралы Үкiмет отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев айтты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Биыл цифрлық материаларды 7 082 білім беру ұйымы, яғни барлық мектептер пайдалануға кірісті. Оны онлайн және оффлайн режимде алуға болады. Бұл дегеніміз, бейнематериалдар мектеп серверінде де сақталады. Мұғалім оны кез келген уақытта алып, сабақты сапалы түрде беру үшін пайдалана алады. Сонда қосымша материал іздеудің қажет жоқ. Қазіргі кезде 440 мұғалім ортақ жүйеге қосылды. Енді, біз кім, қанша, қандай мектеп пен сабақ бойынша бейнематериалдарды пайдаланып жатқанын көре аламыз», - деді Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуынша, бейнефильмдер мен интерактивті сабақтар жүйесіне 200 мыңға жуық оқушы тіркелген.

«Әрине, әзірше оқушылардың саны аздау болып тұр. Дегенмен, олардың үйге келіп, сол материалдарды өз бетімен көріп жүргені қуантады. Биыл мобильді телефондар арқылы бейнесабақтарды көру көрсеткіші 28 пайызға артты. Балалар математика, информатика мен ағылшын тіліне арналған интерактивті сабақтарды жиі көредi», - дедi Сағадиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
25 Желтоқсан 2018, 21:56
ҰЙҚЫДАҒЫ ҚҰБЫЖЫҚТАР
Пікірлер