Н.Назарбаев: Ағылшын тілі керегі жоқ дейтіндер – қазаққа қарсы адамдар   - Үкімет|03 Ақпан 2017, 16:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Н.Назарбаев: Ағылшын тілі керегі жоқ дейтіндер – қазаққа қарсы адамдар  

Білім беру жүйесіндегі реформалардың маңыздылығын халық әлі түсінбей отыр. Ал жастар ағылшын тілін білмесе, мемлекеттің болашағы бұлыңғыр. Сондықтан осы салада түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Білім беру жүйесіне тоқталайын. Біз бұл салада да үнемі реформа жүргіземіз. Неге екені белгісіз. Аталмыш реформалар әрбір азамат үшін маңызды. Себебі, барлығымыздың да балаларымыз бар. Бірақ халық осы реформалардың маңыздылығын түсінбей отыр. Сондықтан халыққа дамыған елдерде қолданысқа енгізілген 12 жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығын түсіндіру қажет. Олар 3 тілде жаңа білім беру және ҰБТ жүйесінің не екендігін білуі шарт», - деді ол.

Президент БАҚ-қа жауапты министрліктің басшысы Дәурен Абаевқа осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

«Менің ойымша, бұл бағыттағы өзгеріс дұрыс. Бірақ мұны жүзеге асыру керек. Барлығына түсінікті болуы керек», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазақстандықтардың ағылшын тілін меңгеруі ұлт болашағы үшін маңызды екендігіне тоқталды.

«Ағылшын тілінің керегі не?» дегендердің барлығы қазаққа қарсы жұмыс істейтін адамдар. «Ертеңіміз болмасын» деген азаматтар. Біз жалғыз емеспіз. 1,5 млрд-тан астам халқы бар Үндістан тәуелсіздік алған кезде барлығы хинди тіліне көшкен болатын. Олар 4 жылдан кейін қайтадан ағылшын тіліне көшті. Малайзия мемлекеті де солай істеді. Себебі, дүниедегі барлық ғылым, жаңалық ағылшын тілінде. Қайтеміз енді? Жастарымыз, балаларымыз ағылшын тілін білмесе, Қазақстанның болашағына кедергі болады. Осы мақсатта түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», - деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер