Фото: ашық дереккөзден
ҚР инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың мемлекеттік жоспарлау жүйесі бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама мәртебесіне қайта бекіту туралы ұсынысын Үкімет мүшелері бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Бағдарлама жобасы Үкіметке енгізілді. Жобада Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты Қазақстан халқына үндеуін іске асыру үшін нормалар көзделген. 2019 жылдан бастап жалға берілетін үй салуға қаржыландыру көлемін 10 млрд теңгеге, ал инженерлік желілерді салуға 20 млрд теңге дейін арттыру ұсынылды. Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар үшін өз қызметкерлерін қолдау нормалары көзделді. Осындай ұйымдар өз қызметкерлеріне тұрғын үй ссудаларын бастапқы жарна ретінде бере алатын болады. Бұл мұғалімдер, дәрігерлер және мемлекеттік қызметкерлер үшін тұрғын баспана проблемаларын шешуде үлкен көмек болады», - деді Скляр.
ҚР инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары өзгерістер аясында жеке құрылыс салушылардың бағдарламаға белсенді қатысулары үшін әкімдіктерге салынған үйлерді сатып алу құқығы берілетінін атап өтті.
Сондай-ақ, кредиттік үйлерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ғана емес, сонымен қатар Екінші деңгейлі банк салымшылары да ала алады. Бұл талаптар, әкімдіктер салып жатқан үйлердің қолжетімді бағалық параметрлеріне байланысты «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының дамуына үлкен серпін береді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!