Қазақстанға мұнай бағасының 50 доллардан төмендемегені маңызды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Қазақстанға мұнай бағасының 50 доллардан төмендемегені маңызды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Біз әлемдегі мұнай өндіруші елдермен бірқатарда болғымыз келеді. Бізге мұнай бағасының 50 доллардан төмендемегені маңызды. Себебі, бюджетті Brent мұнай маркасының 50 доллары негізінде бекіттік. Сондай-ақ, біз мұнай өндіруді тоқтата тұру жөніндегі келісімді созу бойынша келіссөздер өткізетін боламыз», - деді министр.
Оның айтуынша, Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фализ аталмыш келісімге Қазақстанды қосылуға шақырған. Алайда Бозымбаевтың пікірінше, мұнайды төмен деңгейде өндіру елімізге қиынға соғуы мүмкін. Себебі, өткен жылы Қашаған мұнай кен орны іске қосылған.
«Өткен жылы іске қосылған Қашаған кен орны айтарлықтай жоғары өндіріс көлеміне биыл ғана жетеді. Бұл – әлемдегі ең ірі, әрі ерекше кен орны. Бүгінде бұл жерде 140-150 мың баррель мұнай өндіріледі. Біздің ойымызша, осы жылдың екінші жартыжылдығында Қашағанда шамамен 200 мың тонна мұнай алынады. Ал жылдың аяғында бұл көрсеткіш 300 мың барральге дейін өсуі мүмкін. Сондықтан біз бұл мәселені өз әріптестерімізбен ақылдасатын боламыз», - деді министр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!