Мұхтар Тайжан: 26-бап өзгеріссіз қалуы керек - Үкімет|07 Ақпан 2017, 12:05
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мұхтар Тайжан: 26-бап өзгеріссіз қалуы керек

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Конституцияның 26-шы бабын өзгеріссіз қалдыру керек деген пікірде. Бұл туралы ол бүгінгі Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Конституциядағы өзгерістерге сәйкес 26-шы бап өзгертілгелі жатыр. Менің ойымша, бұл бапты сол қалпында қалдыру керек. Өйткені, бұл ұсыныс өте күмәнді», - деді ол.

Айта кетейік, Ата заңның 26-шы бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады» делінген. Осы орайда жаңа заң жобасын әзірлеушілер «Қазақстан азаматтары» дегенді «әркім» сөзімен ауыстыруды ұсынып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер