Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі мұғалімдердің жалақысы біліктілігі мен еңбек өтіліне байланысты 30-50 пайызға көбейеді деп белгіленген болатын. Алайда, Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі педагогтер ол үстеме ақы бүгінгі күнге дейін төленбей отырғанын айтып, шағымданған болатын. Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үкімет отырысынан кейін түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.