Министр Халық банк пен Қазком келісімі туралы: мұндай дүниелерді жариялауға болмайды - Үкімет|19 Мамыр 2017, 12:35
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Министр Халық банк пен Қазком келісімі туралы: мұндай дүниелерді жариялауға болмайды

Фото: KazInfo Today

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Халық банк пен Қазкоммерцбанк арасындағы болуы мүмкін келісімге қатысты нақты нәтижеге жетпегенше, ақпарат таратуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Банктердің бірігуі – бұл қалыпты процесс. Ал еліміздің азаматтары өз депозиттерін жоғалтып аламыз деп қорықпауы керек. Халық алдыңғы өткен тәжірибелерге қарап, уайымдап отырған болар. Бұл жерде уайымдап, күмәндануға ешқандай себеп жоқ. Ең маңыздысын атап өткім келеді: Қазком да, Халық банк та Қазақстан азаматтарының салымдарын кепілдендіру қорының қатысушылары болып табылады. Сондықтан, ешқандай сұрақтар мен алаңдаушылықтар туындамауы тиіс. Нақты нәтижеге жетпегенше, мұндай дүниелерді таратуға болмайтынын түсінуіміз қажет. Бұл енді коммерциялық құпия деп аталатын басқа мәселе», - деді ведомство басшысы «Хабар» телеарнасындағы «Ашық сұхбат» жобасы аясында.

Сонымен қатар, Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша, егер келісім жасалатын болса, онда бұл Халық банктің Қазкомды сатып алуы болып есептеледі.

«Әзірше Қазкоммен нақты келісімшартқа қол қойылған жоқ. Мамыр айының соңында келісім аяқталады деп жоспарланған болатын. Қазір Казкомның жұмыс параметрлері тексеріліп, аталған мерзім ұзартылуда. Нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Процесс біз күткеннен де қиын болып шықты. Біз сырттан консультанттар - аудиторларды, инвесторларды шақырдық. Сондай-ақ, Ұлттық банкпен параллельді түрде кеңес жүргізілуде», - деді Ү. Шаяхметова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер