Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына осы уақытқа дейін 1 миллиард теңгеге жуық қаржы аударылған. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына осы уақытқа дейін 1 миллиард теңгеге жуық қаржы аударылған. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры жұмыс істеуде. Өңірлерде қордың филлиалдары құрылды. Оның басшылары тағайындалды. Жұмыс берушілерден аударым, ал жеке кәсіпкерлерден жарналар түсуде. Жалпы қазіргі таңда қорға 1 млрд теңгеге жуық қаржы аударылды», - деді ол.
Осы орайда вице-министр аталған қордың жұмысын жетілдіру мақсатында тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Бүгінгі күні нормативті-құқықтық база жетілдірілуде. 31 нормативті-құқықтық актіні қабылдау керек. Оның 10 актісі Үкіметтің қаулысы, ал 21-і Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы және осыған жауапты басқа да мемлекеттік органдардың актілері бар. 10 Үкімет қаулысының 8-іне жоспарға сәйкес тамызда, ал 2 актіге ағымдағы жылдың қазан айында қол қойылады. Сонымен қатар тарифтердің бағасы әрі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі», - деді Ләззат Ақтаева.
Сөз соңында Денсаулық сақтау министрінің орынбасары аталған қордың медициналық ұйымдардың арасында бәсекені қалыптастыратынын атап өтті.
«Міндетті медициналық сақтандыру қоры тек оператор ғана емес, оның стратегиялық сатып алушы екенін түсінуіміз керек. Ол медициналық ұйымдар арасында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастырады. Сондықтан сапаны көтеру бағытында жұмыстарды жүргізу өте маңызды», - деп түйіндеді сөзін ол.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!