МГИМО түлектері Астанада бас қосады - Үкімет|22 Мамыр 2017, 19:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

МГИМО түлектері Астанада бас қосады

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) проректоры Артем Мальгинді қабылдады, деп хабарлайды .

Әңгіме барысында МГИМО түлектерінің IV халықаралық форумын ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды. Дәстүр бойынша әлемнің ондаған елдерінің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар, іскерлер қауымдарының өкілдері бас қосатын шара биылғы қазанда Астанада өтеді. Кездесу мақсаты гуманитарлық байланыстарды нығайту, қазіргі замандағы ортақ мәселелерді талқылау, біздің елдеріміз бен халықтарымыздың бір-біріне сенімін паш ету болып табылады.

МГИМО түлектерінің форумдары бұрын Баку, Мәскеу және Ереванда болған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер