Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысы кезінде «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысы кезінде «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
«2017 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 49,1 млрд. теңге бөлінді, оның 30 млрд. теңгесі жалпы сипаттағы трансферттер арқылы қарастырылған. Өткен жылдың қорытындылары бойынша Бірыңғай бағдарламаның қатысушылары 204 млрд. теңге сомасында салық төлеген, өнімнің жиынтық пайдасы 3,3 трлн. теңгені құрады, 47,5 мың жұмыс орны сақталды және құрылды», - деді Сүлейменов.
Ол бүгінгі күні сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың есебінен 1024 кәсіпкер өз жобаларының қаржыландыру шарттарын жақсарта алғанын атап көрсетті. Арзандатылған несиелер сомасы 90,1 млрд. теңгені құрады. Берілген субсидиялардың жалпы көлемі 17,5 млрд. теңгені құрайды.
«505 кәсіпкер 17,1 млрд. теңгеге несиелер бойынша кепілдеме алуға қол жеткізді. Кепілдердің жалпы көлемі 6,8 млрд. теңгені құрады. 15 млрд. теңге сомасындағы 24 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жетіспейтін инфрақұрылым жүргізілді. Жаңа бизнес бастамаларын жүзеге асыру үшін 221,4 млрд. теңге сомасындағы 114 мемлекеттік грант берілді», - деді министр.
Бұдан басқа, 14 мың жаңа және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер бизнес-тәжірибелерден өтті және кәсіпкерлік негіздерін оқып үйренді.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы Қазақстан Республикасы Заңының аясында субсидиялауға, несиелерді кепілдендіруге және мемлекеттік гранттарды беруге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті бюджеттерінде шығындар көзделіп отыр. Аталған өзгерістер жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағдарлайды.
«Ағымдағы жылы алдыңғы жылдарға қарағанда бюджеттік қаражатқа қосымша қажеттіліктер жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырылуда. Істің мұндай беталысы әкімдіктерді неғұрлым нақты есеп жүргізуге және кәсіпкерлердің нақты жобаларына қаржы бөлуге ынталандырады. Бұл мүмкіндіктерді қазірдің өзінде Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері пайдаланып отыр, бұларда 2,5 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінген», - деді министр.
Оның айтуынша, экономиканы несиелеудің ішкі нарығындағы ағымдағы жағдай бағдарламаға тұжырымдамалық өзгерістер енгізуді талап етеді.
«Несиелер бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін енгізу. Бүгінде ол бойынша субсидиялау жүзеге асырылатын несиелер сыйақысының номиналдық мөлшерлемесінің шекті көлемі 19%-дан аспауы тиіс. Бұл ретте, қарыздық қаражаттардың өзіндік құнының бағдары болып табылатын Ұлттық банктің базалық ставкасы 10,5%-ды құрайды. Іс жүзінде қазіргі кезеңде мемлекет несие қаржыларының құнын едәуір артық төлеп отыр», - деді Сүлейменов.
Бұдан басқа, 180 млн-ға дейінгі несиелерді субсидиялау кезінде ӨҮК-ті қатыстырмау ұсынылып отыр.
«Бүгінде 180 млн. теңгеге дейінгі несиелерді ӨҮК-сіз кепілдендіру тәжірибесі бар. Бұл берілген несиелер санын осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап екі еседен астам ұлғайтуға мүмкіндік берді», - деді Сүлейменов.
Министрдің айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мерзімін қазіргі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзарту ұсынылып отыр.
Бірыңғай бағдарламадан сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілерін алып тастау ұсынылуда. «Өңірлердегі бюджеттік қаражаттың жетіспеушілігі ірі кәсіпкерлік субъектілерінің ауқымды жобаларына мемлекеттік қолдау көрсетудің есебінен орын алып отырғанын атап өту қажет», - деді министр.
«Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік қолдау шараларын мұқтаж шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қайта бағдарлайды, 180 млн. теңгеге дейінгі кәсіпкерлік жобалары бойынша қабылданған шешімдердің жеделдігін арттырады деп ойлаймыз», - деді Сүлейменов.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!