Мектеп формасының үлгісін таңдауға ата-аналар да атсалысады – вице-министр - Үкімет|10 Тамыз 2017, 11:21
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мектеп формасының үлгісін таңдауға ата-аналар да атсалысады – вице-министр

Фото: Шыңғыс ҚАППАРОВ

Елімізде әрбір әкімдік пен мектеп оқушылар формасын ата-аналар комитетімен келісіп, өз еркімен таңдай алады. Білім және ғылым министрлігі тарапынан мектеп формасына қатысты қатаң тәртіп белгіленген жоқ. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен ведомство басшысының орынбасары республика бойынша мектеп формасын әкімдік, білім ордасы мен ата-аналар комитеті бірігіп таңдайтынын алға тартты.

«Мектеп формасына қатысты сұраққа тоқталайын. Оған қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізгенбіз. Мектеп ата-аналар комитетімен бірге мектеп формасының түрін анықтайды. Яғни әрбір әкімдік пен мектеп қажетті форманы таңдау кезінде ата-аналар комитетімен келіседі», - деді ол.

Осы орайда Бибігүл Асылова Астана қаласындағы бірыңғай мектеп формасына түсініктеме берді.

«Астана қаласына қатысты айтып өтейін. Білім және ғылым министрлігі тарапынан мектеп формасына қатысты қатаң тәртіп енгізілген жоқ. Яғни мектеп формасы мектеп дирекциясы мен ата-аналар комитетінің шешімімен бірыңғай болуы қажет», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер