Мәжіліс алдағы үш жылға арналған бюджетті мақұлдады - Үкімет|31 Қазан 2018, 13:44
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мәжіліс алдағы үш жылға арналған бюджетті мақұлдады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжіліс депутаттары «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады.

"Бүгін біз еліміздің негізгі қаржы құжаты - үш жылдық бюджетті мақұлдадық. Ең бастысы, бұл заң жобасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған барлық тапсырмаларды қаржыландыруға нақты қадам жасалды. Ендігі басты міндет - бөлінген əрбір тиынды дұрыс пайдалану. Бұл еліміздің тұрақты дамуына ықпал етіп, əрбір отбасын, əрбір шаңырақтың өмір сапасын күшейтуге жаңа серпін береді", - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Төменгі палата төрағасы заң жобасында халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық берілгенін айтты.

Ал ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бюджет туралы заң жобасын талқылау барысында депутаттардың айтқан сын - ескертпелері мен ұсыныстары Үкіметте жеке қаралып, алдағы уақыттағы жұмыста ескерілетінін айтты.

Бұған дейін аталған заң жобасын таныстырған Қаржы министрі Əлихан Смайылов 2019 жылы бюджеттің 45 пайызы əлеуметтік салаға бөлінетінін айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер