BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Маусым айында экономиканың құлдырауы тоқтайды - ҰЭМ

Маусым айында Қазақстан экономикасы бейтарап деңгейге шығады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев Үкімет отырысынан кейiн өткен баспасөз мәслихатында мәлiмдедi, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi.

«Өнеркәсiптiк өндiрiстiң төмендеуiне келсек, олардың қандай салаларда төмендеп жатқанын бiз бiлемiз. Бiрiншi кезекте олар: мұнай барлау саласы, қаңтар мен мамыр айларында көмiр барлау саласы төмендедi. Одан кейiн қара металлургия саласы. Осылар IЖӨ-нiң төмендеуiне ықпал еткен үш негiзгi сала», - деді министр.

Қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша құлдыраудың баяулағаны байқалған.

«Егер қаңтар-сәуiр айларында төмендеу 0,4% көрсетсе, қаңтар-мамырда 0,2% көрсеттi. Яғни, бiр айда бiз 0,2% алға шықтық. Болжам бойынша, маусым айында бiздiң экономикамыз бейтарап деңгейге шығады. Яғни, бiз нашар оң аймаққа өтемiз немесе IЖӨ құлдырауы тоқтайды», - деді Қ.Бишімбаев.

Бүгін Мемлекет басшысы Үкімет мүшелерін жинап, елдегі экономиканы тұрақтандыру мәселесін қадап тапсырған болатын. Министрдің айтуынша, осы тапсырмаға бойынша атқарылатын шаралар, экономиканы жақсартуға септігін тигізбек.

«Бүгiн Мемлекет басшысы бiзге жүзеге асыруды тапсырған шаралар экономиканы қолдауға мүмкiндiк бередi және бiздiң болжамымыз жыл соңына дейiн 0,5% көлемiнде өзгерiссiз қалады. Бұл бекiтiлген ресми болжам. Бiрақ, егер шаралар жүзеге асса,көрсеткiш ұлғаюы да мүмкiн. Нақты мәлiметтердi бiз шiлде айында, тамыздың басында бере аламыз», - дедi Қ.Бишiмбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер