Фото: Бауыржан Жуасбаев
Біздің тарапымыздан атқарылған жұмыстар бізге Еуразиялық экономикалық одақтағы өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Құрметті әріптестер, Астанаға қош келдіңіздер. Бізде «Қонақ келді, ырысын ала келді» деген сөз бар... Біздің тарапымыздан атқарылған жұмыстар бізге Еуразиялық экономикалық одақтағы өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бірігіп атқарылған жұмыстарымыздың көрсеткіші тауар айналымының Еуразиялық экономикалық одақта және үшінші елдермен сауда-саттық аясында оң динамикаға ие болды. Сонымен қатар ЕАЭС және үшінші елдер аясында өңделген тауар айналымын көлемінің өскендігін атап өткім келеді. Қазақстанда жалпы ЕАЭС мемлекеттермен біріккен 8 мыңнан астам кәсіпорындар жұмыс істейді. Менің ойымша, бұл жақсы көрсеткіш. Біз бұл тізімнің одан әрі өскендігін қалаймыз», - деді ол.
Елордада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үкімет басшыларының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтуде. Алқалы жиында ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарының дайындығына назар аударылып, тауарлардың бақылану тетіктері, электр энергетикасында сауда алаңдарын пайдалану мәселелері талқылануда. Сондай-ақ, отырыста 8 құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!