BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

К.Мәсiмов: Биыл күзде республикалық бюджеттi нақтылауға дайындалу керек

Үкiмет отырысында Премьер-министр Кәрiм Мәсiмов тиiстi министрлiктерге биыл күзде республикалық бюджеттi нақтылауға дайындалуды тапсырды, хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Сондай-ақ, мен Қаржы министрлiгi мен Ұлттық экономика министрлiгiне тапсырма беремiн. Биылғы жылдың күзiнде бюджеттi нақтылауға дайындалу керек. Бұл ресурстарды тиiмдi қайта бөлiп, оны экономика дамуына бағыттау үшiн қажет», - дедi К.Мәсiмов.

Оның айтуынша, кейбiр мәселелер бойынша өзгерiстер енгiзу керек.

«Бес реформа және «100 нақты қадам» жоспары бойынша комиссия барлық бағыттар бойынша атқарған жұмысты баяндады. Мемлекет басшысы есептi қабылдап, тапсырмалар бердi. Кейбiр мәселелер бойынша өзгерiстер енгiзу керек. Комиссия жұмысын жалғастырады», - деп толықтырды ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер