Қысқа мерзімді курсты аяқтаған 18 мың адам жұмысқа тұрды – министр - Үкімет|30 Қазан 2018, 10:47
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қысқа мерзімді курсты аяқтаған 18 мың адам жұмысқа тұрды – министр

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін бейсенбіде өткен Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өнімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы туралы есеп берді.

Министрдің айтуынша, «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша жаппай оқытуды көздейді.

«Тегін техникалық және кәсіптік оқыту шеңберінде ағымдағы жылы 1 қыркүйектен бастап 20 мың жас оқуға кірісті, бұл жылдық жоспардың 99 пайызын құрайды. Қазандағы жағдай бойынша 40 мыңға жуық бағдарламаға қатысушы қысқа мерзімді курсқа жіберілді, бұл жылдық жоспардың 107 пайызын құрайды. Маңғыстау облысынын басқа еліміздің барлық өңірінде оқумен қамту бойынша оң нәтиже байқалады», - деп атап өтті министр.

Әбілқасымова жалпы республикалық қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған 31 мың адамның 18 мыңы (60%-ы) жұмысқа орналастырылғанын айтты. Бұл ретте жұмысқа орналастыру бойынша жоғары көрсеткіш Ақмола, Қостанай, Алматы облыстарында және СҚО-да байқалады. Ал Маңғыстау, Жамбыл облысыстары мен Алматы және Астана қалаларында жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіш төмен болып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер