Кейбiр елде туристерге де киiм жағынан талаптар қойылады – Дiн iстерi министрi - Үкімет|02 Мамыр 2017, 12:29
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Кейбiр елде туристерге де киiм жағынан талаптар қойылады – Дiн iстерi министрi

Кейбiр шет мемлекетте азаматтарына ғана емес, туристерге де киiм жағынан талаптар қойылады, ал бiзде басқаша. ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Нұрлан Ермекбаев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Елбасы айтқандай, елiмiзде киiм киюге бостандық бар, сол бостандыққа әрбiр азамат ие. Дегенмен, әдейiлеп тұрып дiни сипаттағы киiм киiп, өздерiн қоғамнан бөлектеуге тырысып жүргендер де бар. Олар бiзде, Қазақстан халқында жоқ киiмдердi киiп, арамызда қазақ халқының өкiлдерi емес, басқа бөтен елдердiң өкiлдерi сияқты көрiнедi. Өздерiңiз бiлесiздер, басқа елдерде, мысалы Таяу шығыс елдерiнде өздерiнiң азаматтары да, басқа елдерден келген туристерге де киiм жағынан талаптар қойылады. Оның үстiне, басқа дiн өкiлi болса да, басқа елге келген соң сол елдiң киiмiн киедi. Ал бiз өзiмiздiң қазақ халқына тән киiмдерiмiздi, қазiргi заманауи киiмдердi киiп жүрмеймiз бе? Сондықтан, бұл мәселе өте нәзiк, ол алдағы уақытта сарапшылармен, ғалымдармен ақылдаса отырып, жан-жағынан шешiледi. Менiң ойымша, Үкiмет және азаматтық қоғам салиқалы шешiмге келедi», - дедi Ермекбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейiн Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «қара жамылу, қысқа балақ кию және сақал қою қазақтарға тән емес» деп бiрнеше рет айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер